Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты

/uploads/thumbnail/20171106141025613_small.jpg

Қазақстанның солтүстігінде суық антициклон әсерінен ауа температурасы төмендейді,  деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидромет мәліметіне сүйеніп.  

Синоптиктердің ақпаратынша, республиканың солтүстік аймақтарына қатты жел мен ақтүтек боран алып келген суық атмосфералық ағымдар Батыс Сібірдің оңтүстігіне қарай ығысты. 

"Оның орнына Ресейдің еуропалық бөлігінің солтүстік-батыс аймақтарынан суық антициклон жылжып келеді. Соның әсерінен республиканың басым аумағында күн суытады", — дейді синоптиктер. 

Ал Қазақстанның оңтүстік-шығыс және шығыс өңірлерінде алдағы күндері қар жауады,  Іле Алатауында қалың қар жауады деп болжанып отыр. Күннің суытуына қарамастан, республикадағы ауа температурасы қалыпты деңгейге жақын болады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар