Тойға арналған торт қазақстандықтарды таңғалдырды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Шымкенттегі Rixos мейманханасында өткен тойдағы торт әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.
Торттың диаметрі 3 метр, ал биіктігі 4,2 метрге дейін жеткен. Көпшілікті таңғалдырған торттың жалпы салмағы 1500 килограмм. Тортты дайындаған танымал кондитер Ринат Ағзамов. Оның айтуы бойынша тортты басқа елге жеткізу өте қиын болған, әрі 3 тәулік бойы ұйықтамаған.
«Кеше Шымкенттегі Rixos мейманханасында керемет той өтті. Бұл тойда көптеген жұлдыздар болды. Қазіргі кезде тойға шақырылған әртістермен ешкімді таңғалдыра алмайсың, тіпті Валерия Шонның өзі қарапайым әртістердің қатарында. Ал бұл тойдың хиті — торт пен атақты боксшы. Айта кететін болсам, тортты танымал кондитер Ринат Ағзамов дайындаған. Сонымен бірге кешке атақты боксшы Геннадий Головкин де келді. Ал мен жастарға бақыт тілеймін», - деп жазды Жан Мұқанов өзінің Телеграм парақшасына.
Пікір қалдыру