ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 14 қаңтарда 15 сағат 19 минут 34 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат мәліметіне сүйеніп.
Зілзаланың эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 878 км қашықтықта, Ауғанстан аумағында болды. Зілзаланың энергетикалық қуаты 12,6. Магнитудасы MPV 6.0. Ошағының тереңдігі 120 км.
Пікір қалдыру