Дональд Трамп: Мен нәсілшіл емеспін!

/uploads/thumbnail/20180101114018637_small.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп жексенбіде өзінің өзге мемлекеттерді кемсіткісі келмегенін жеткізді. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Еске салсақ, Трамп иммиграцияға қатысты жиында бірқатар елдерді, соның ішінде Африка және Гаити мемлекеттерін «сасық тесікте» орналасқан елдер екенін айтып, оларға көмек көрсетуге міндетті емес екенін мәлімдеген болатын. Алайда, кейіннен Трамп өзінің бұл айтылған сөздерін жоққа шығарған.

«Мен нәсілшіл емеспін. Сіз сұхбат алған адамдардың ішінде басқаларға қарағанда нәсілшіл емес тұлғалардың бірімін»-деді ол журналистер сауалына жауап беру кезінде.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар