WhatsApp жаңа функцияны іске қосты

/uploads/thumbnail/20171226173134130_small.jpg

WhatsApp мессенджерінің жаңа нұсқаларында қоңырау соғу режимін ауыстыру функциясы іске қосылды, деп хабарлады Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.  

Басылымның мәліметінше, жаңа опция қолданушыларға сөйлесіп жатқан кезде аудиоқоңырауды үзбей, әп-сәтте видеобайланысқа қосылуға мүмкіндік береді. Бір режимнен екіншісіне өту үшін камера бейнесі бар батырманы басу қажет, содан кейін экранға видеоны қосуды ұсынатын хабарлама шығады.  

Жаңа функция Android базасында WhatsApp-тың 2.18.4 бета-нұсқаларында қазірдің өзінде қолжетімді екені хабарланды. 

Қатысты Мақалалар