Әлеуметтік желі арқылы Ақорданың қақпасына соғылған көліктің суреті қызу талқыланып жатыр деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Фотоға тіркелген жазбада көлік тізгінінде спирттік ішімдікке тойып алған полицей болғаны жазылған.
«17 қаңтарда сағат 3:20 шамасында Астана қалалық ІІД ӘПБ жеке мамандандырылған батальонының инспекторы, полиция аға лейтенанты Иманбеков мас күйінде мемлекеттік нөмірі 420 ULA 01 Porsche Cayenne автокөлігінің тізгінінде отырып, Ақорда резиденциясының қоршауына барып соғылды (Достық көшесі жағынан). Жол-көлік оқиғасы кезінде көлікте Астана қалалық ІІД ӘПБ жеке мамандандырылған батальонының командирі, полиция капитаны Жұмахметов (көліктің иесі) те болған. Ол оқиға орнынан қашып кетті. Астана қалалық ІІД Ішкі қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексеру жүргізуде», - делінген аталған хабарламада.
Пікір қалдыру