Назарбаев пен Трамптың кездесуі ел экономикасын жаңа ағымға жетелейді

/uploads/thumbnail/20180117082228970_small.jpg

Нұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамптың кездесуі, біріншіден, қазақстандық экономикаға америкалық инвестицияның жаңа ағымын қамтамасыз ету жағынан өте маңызды.

АҚШ инвестор-мемлекеттер тізімінде серіктестік жылдары ішінде 50 миллиард доллар көлемімен көш бастап тұр. Алайда, бүгінгі таңда америкалық корпорациялар біз үшін қажетті бағыттарға қайта бағдарлануы керек. Бұл жерде цифрландыру, экспорттық тауарлардың негізгі үлесін құрайтын экономика саласындағы өндірістік процестерді автоматтандыру туралы айтып отырмыз.

Бұл тұрғыдан алғанда Мемлекет басшысының АҚШ-қа сапары біздің модернизациялық бағдарлама мен экономикалық реформалардың негізгі векторларын таныстыру іспетті болды.

Сондықтан, алдағы уақытта жоғары технологияларды енгізу бойынша жаңа екі жақты жобалардың пайда болуын күтуімізге болады. Бұл ең алдымен, мұнай-газ секторы, мұнай-химия саласы, энергетика, көлік-логистика инфрақұрылымына қатысты.

Атап өту керек, Қазақстан әрдайым шетел инвесторларына, оның ішінде америкалықтарға да, бизнес жүргізудің ең тиімді шарттарын ұсынған. Қол қойылған келісімдер қазақстан-американдық бизнес серіктестігі алдағы уақытта да қарқынын жоғалтпайтынына кепілдік береді.

Оразғали Селтеев,

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының (ӘЭСИ) жетекші сарапшысы

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар