Оңтүстік Қазақстан облысындағы Ақсукент ауылында тұратын кейуана 7 жылдан бері туған қызы мен немересін үйіне қайтара алмай зар илеп жүр. Дүкендегі жұмысынан оралмаған қызы хат жазып қалдырыпты. Тіпті немересін де бірге алып кеткен, деп жазды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Пайғамбар жасынан асқан әже жанына жақын адамдарын "Иегова куәгерлері" діни бірлестігінің өкілдері үгіттеп алып кетті деп отыр.
Барно Юлдашева, Ақсу ауылының тұрғыны:
— 7 жыл болды кеткеніне. Бір келген еді. Үйге қайтып орал дегенімде, «қайта алмаймын ол мүмкін емес. Бұл менің еркімде емес», - деді.
Пікір қалдыру