19 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

/uploads/thumbnail/20180103144428369_small.jpg

19 қаңтарға арналған ауа райы болжамын  Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидромет мәліметіне сүйеніп хабарлайды.  

Батыста түнгі температура 10-15 градус аязды көрсетсе, кей жерлерде 20-25 аяз, күндіз 0-5, кей жерлерде 8-13 градус аяз болады деп күтілуде.

Солтүстікте түнде ауа температурасы 15-29 градус аяз, күндіз 8-17 аяз болмақ.

Орталық Қазақстанда  түнде 13-18, кей жерлерде 23-28 градус аяз болады. Күндізгі температура 7-12, кей жерлерде 16 градус аяз болады деп болжануда. 

Шығыс аймақтарда түнде 18-23, кей жерлерде 30-35 градус аяз болады, күндіз 10-15, кей жерлерде 20-25 аяз.

Оңтүстік аймақтарда түнгі ауа температурасы 5-10, кей жерлерде 17-22 градус аяз болады, күндіз 2-7, кей жерлерде 5-10 градус аяз болады.

Алматыда 19 қаңтарда бұлтты, кей жерлерде жауын-шашынсыз, тұман күтіледі. Жел 0-5 м / с. Түнде ауа температурасы 7-9 градус аяз, күндіз 0, минус 2 градус болады.  

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар