Алматы ІІД: Автобус жүргізушісіне қол көтерген ер адам жауапқа тартылды

/uploads/thumbnail/20180119101651258_small.jpg

Жергілікті ІІД қызметінің полициясы қоғамдық көлік жүргізушісін ұрған жеңіл көлік иесін ұстады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

«Аталмыш оқиға күндіз Алматыдағы Алмалы аймағында орын алған. Бұл жағдайдың болғандығы туралы әлеуметтік желілерден белгілі болды. Өйткені полицияға бұл жағдай жөнінде ешкім де хабарласпаған.

Нәтижесінде іздестіру бөлімінің қызметкерлері жеңіл көліктің жүргізушісі 1985 жылы туған Әбдіназаров Е., деген азаматты ұстап, жауапкершілікке тартты. Оның көрсеткен мінез-құлқында бір емес бірнеше заң бұзушылықтар байқалған.

Осыған орай, оған қатысты ҚР ӘҚБтК  601 бабы бойынша, жол белгілері мен таңбаларды елемегені үшін, қоғамдық көлікке арналған жолақта дұрыс қозғалмағаны үшін, ҚР ӘҚБтК 606 бабы бойынша апаттық жағдай орнатқаны үшін  және ҚР ӘҚБтК  612 бабының 2 тармағы бойынша көлікті құжатсыз жүргізгені үшін айыпталды. Белгілі болғандай, Әбдіназаров мырза 2017 жылдың мамыр айында көлік жүргізу куәлігінен 9 айға айырылған», деп мәлімдеді Алматы ІІД ресми өкілі, полиция подполковнигі Салтанат Әзірбек.

Жергілікті полиция қызметі Әбдіназаровтың бұзақылық жасағанын дәлелдейтін материалдар жинаған.

Салтанат Әзірбектің айтуынша, бұзақы жасаған ереже бұзушылықтары үшін 10 АЕК немесе 10 тәулік бас бостандығынан айырылу жазасы кесілуі мүмкін.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар