Райхан Братаева: Мемлекеттік қызметте енді «теңгермешілік» деген болмайды

/uploads/thumbnail/20180119123133894_small.jpg

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, мемлекеттік қызметкерлерге төленетін еңбек жалақысының жаңа жүйесі жөнінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Райхан Ғазизқызы Братаева Көкшетауда өткен брифингте айтып берді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

«Елбасы Жолдауындағы 9-шы тармақта айтылғандай, мемлекеттік қызметкерлердің еңбек өтілімін факторлы балдық көрсеткішпен есептеу жүйесі енгізіледі. Н. Назарбаев айтқандай, мемлекеттік қызметкердің айлығы жасаған жұмыстарына сай төленуі керек, бұл халықтың 5-6 қадамы жоспарының жалғасы.

брифинг

2018 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап,  факторлы балдық көрсеткіштің сынамалы жобасы орталық және жергілікті атқарушы органдарға енгізілді. Әрбір мемлекеттік қызметкердің жеке жұмыс жоспары бар, ал оған қосымша төленетін сыйақы жасаған жұмыстың қаншалықты нәтижелі екендігіне сай төленеді. Атқарған қызметтің бағасын барлық мемлекеттік органда бар арнайы баға беретін комиссия   анықтайды. Бұрынғыдай теңгермешілік ендігәрі болмады», -деді Братаева.

Р. Братаева мен Ақмола облысының мемлекеттік қызметтер басшысы Гүлмира Евниеваның сөзінен аймақта осы күні 5929 қызметкер бар екендігі белгілі болды. Жоғарғы білімі бар қызметкерлер – 89,1%-ды құрайды. Ал 14%-ы бірнеше ЖОО бітірген, онымен қоса 29 жасқа дейінгі жастардың саны артып келеді. Бүгінде олар қызметкерлердің ¼ бөлігін құрайды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар