20 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

/uploads/thumbnail/20171022103016187_small.jpg

 Антициклонның әсерінен, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа-райы болады  деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме беріп. Тек республиканың батысында, солтүстік батыста  және  солтүстігінде кей жерлерінде  жауын-шашын күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман сақталады, батыста, оңтүстік және оңтүстік шығысында желдің күшеюі  күтіледі, батысында жаяу бұрқасын болады

  Алматы облысының  кей жерлерде тұман сақталады, Жалаңашкөл ауданында жел 20-25 м/с күшейеді.  Ақтөбе, Атырау облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Ақтөбе облысында тұман болады. Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Оңтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с кутіледі. Ақмола, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, түнде және танертең  Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман сақталады.  

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар