Сауд Арабиясы АҚШ-тың терактіге қатысты тағылған айыбына жауап берді

/uploads/thumbnail/20180120115752856_small.jpg

АҚШ Сауд Арабиясын  2001 жылы 11 қыркүйекте болған  терактіні   «Әль Каида» террористік тобымен  бірлесе отырып ұйымдастырды деп айыптаған. Осыған байланысты Сауд Арабиясы АҚШ-тан сотқа берген шағымын қайтып алуды талап етіп отыр.  Бұл туралы корольдіктің адвокаты Майкл Келлог мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Сауд Арабиясы АҚШ-тың аймақтық соты Джордж Дэниелге «тұжырымдар мен өсек» айып тағуға жеткіліксіз екенін айтқан.

Қаза таптқан 850 адамның туыстары  мен зардап шеккен 1,5 мың адамның атынан Сауд Арабиясына былтырғы жылдың көктемінде шағым түскен. Теракт құрбандарының адвокаттары Сауд Арабиясының қайырымдылық атын жамылып террористерді қаржыландырған деген пікір білдіріп отыр.

Айта кетейік, 2001 жылы 11 қыркүйекте АҚШ-та тарихтағы ең үлкен терактердің бірі болды. Жолаушысы бар екі ұшақ Нью-Йорктегі сауда үйлеріне соғылған, ал үшінші ұшақ Пентагон ғимаратына құлаған.  Нәтижесінде 3000-нан аса адам қаза тауып, 4000-нан көбі жараланды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар