Қатты аязға байланысты Қазақстанның бірнеше облысында сейсенбіде де мектептерде сабақ тоқтады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттыққа сілтеме жасай отырып. 23 қаңтарда аяз күшейгендіктен Солтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстарында және Астанада 1-11 сынып оқушылары мен колледждің 1-2 курс студенттеріне сабақ болмайды. «Қазгидромет» орталығының хабарлауынша, бұл өңірлерде ауа температурасы түнде -35, -38 градусқа дейін жеткен.
Павлодар және Қарағанды облыстарында және Қостанайда 1-11 сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды.
Қазақстанның солтүстігі мен шығысындағы облыстарда аяздың күшеюінен 22 қаңтардан бері мектептерде сабақ тоқтатылып жатыр.
"Қазгидромет" 22-26 қаңтар арасында Қазақстанның бірнеше облысында күндіз -30-35, түнде -40-45 градусқа дейін аяз болатынын ескерткен.
Пікір қалдыру