Бүгін Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаев тағы да сөзінен жаңылды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі rgmedia.kz сайтына сілтеме жасай отырып. Бүгін Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов халық алдында үшінші рет есеп берді. Бұл қорытынды есеп беру кездесуіне қала әкімі Нұрлан Сауранбаев арнайы қатысты.
Ғабит Патшаханұлы 15 минуттық баяндамасын 100 пайыз мемлекеттік тілде жасады. Аудан әкімі өткен жылы атқарылған жұмыстарды жіліктеп, алдағы уақыттағы жоспарларымен бөлісті. Кездесу кезінде Нұрлан Сауранбаев мемлекеттік тілде сөйлегісі келсе де, орысша сөзді араластырып жиынды қорытындылады. Халықтан көп сөз естігеннен кейін Нұрлан Сауранбаев кешегіден тәуірлеу сөйледі.
Жиын соңында қала әкімі Нұрлан Сауранбаев:
– Сіздердің алдарыңызда Елбасы тапсырмасы бойынша аудан әкімі бүгін өз есеп баяндамасын жасады. Менің ойымша, негізі көп жұмыс жасалды. Бірақ жаңағы көбісі айтып жатқандай алдымызда көп жұмыс бар. Оған енді тек қана қаражат керек и содан кейін бірлік керек. Осы жерде көбісі отырғандар – Асар тұрғындары. Асар деп ойлағанда еске келетін сөздер ол – бірлік, ауылдас, рулас деген… Осылай бірлесіп жұмыстың бәрін атқарайық. Рахмет сіздерге! – деп ойын мемлекеттік тілде қорытындылады.
Еске сала кететін болсақ, Нұрлан Сауранбаев орысша сөйлемегіні үшін ауыл әкімі Бауыржан Ахметәліұлына ескерту жасаған болатын.
Пікір қалдыру