Журналистерге арналған тұрғын үй бағдарламасы қарастырылып жатыр

/uploads/thumbnail/20180206185411991_small.jpg

Қазақстанда журналистерге арналған баспаналық бағдарлама дайындау мәселесі қарастырылып жатыр. Аталған бағдарлама алдымен Астанадан басталмақ. Қазір бастамашыл топ Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі және құрылыс компанияларымен  ыңғайлы шарттарды қарастыру үстінде.

Ең алдымен өтініш беруші БАҚ саласының қызметкері болуы қажет. Бұдан басқа да бірнеше талаптары бар.  ТҮҚЖБ салымшысы болуы міндетті, баспана құнының 30 пайызы төленуі керек. Соңғы 30 күн көлеміндегі несие тарихы және үш қосалқы қарыз алушыны тарту сияқты талаптары бар.

Жақсартылған жағдайда сатылатын пәтерлердің  ауданы 36-дан 96 шаршы метрге дейін бармақ. Бір шаршы метрдің құны 240 мың теңге деп күтіледі.

«Біз БАҚ қызметкерлері, халық игілігіне жұмыс істеп келе жатқан мамандар ретінде әкімдіктен тұрғын үй құрылысын жүргізуге арналған қайтарымсыз жер учаскесін сұраймыз. Әзірге біздің жоспарымыз 200 пәтер, алайда қатысушылардың саны 300, тіпті 500-ге дейін өсуі мүмкін. Шаршы метрдің де бағасы төмендейді деген үміт бар. ТҮҚЖБ мен келіссөздер жүргізілді, банк бізді қолдап күтіп отыр. Сонымен қатар бірнеше құрылыс компаниясымен де келіссөздер жүргіздік. Құрылыс нысанын, оның орынын, қанша қабат және неше пәтер болатынын анықтау үшін бізге алдағы уақыттағы ықтимал сатып алушылардың тізімін дайындау керек. 15 ақпанға дейін бастапқы тізімді банкке көрсетуді жоспарлап отырмыз», - дейді бастамашыл топ мүшелері.

Мессенджерлердің бірінде БАҚ қызметкерлеріне арналған чат жұмыс істеп тұр. Тізімге қосылғысы келгендер сол жерге өздері туралы ақпарат ұсына алады.

-Аты-жөні

-ЖСН

-Жұмыс орыны, қызметі

-Қажетті шаршы метр

-Телефон номері

Бастапашыл топ мүшелерімен +7 (778) 388-89-98+7 (707) 923-16-85 телефон нөмірлері арқылы байланысуға болады.

Қатысты Мақалалар