Этнолог ғалым боламын десең...

/uploads/thumbnail/20180207011715691_small.jpg

Білім мен ғылымның қастерлі мекені саналатын әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің археология, этнология және музеология кафедрасында археология және этнология мамандығы бойынша тарих бастауларына шолу жасайтын болашақ мамандар даярланады.

Факультеттегі археология,этнология және музеология кафедрасы 1971 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің ректоры У. А. Жолдасбековтың ұсынысы бойынша ең алғаш Қазақстанда тарих факультетінде ашылды. Қазіргі таңдағы республикада және оның сыртқы аумақтарында жоғары маманданған кадрлар дайындау орталығы – археология, этнология және музеология кафедрасы  болып табылады. Сол кезде кафедра меңгерушісі болып Қазақстанда танымал археолог А. М. Оразбаев шақырылды. Бұл маманданған кафедраның ашылуына Қазақстандағы археологиялық – этнологиялық ғылымның интенсивті дамуы әсер етті. Әсіресе ХХ ғ. екінші жартысында маманданған археологтар мен этногрофтар тарих саласы үшін өте қажет болды. Осы кафедрада университеттегі тарих факультетінің археологиялық және этнографиялық мұражайына негіз болған археология және этнография кабинеті құрылды. Кафедраның құрылған күніннен бастап, оны Қазақстандағы әйгілі ғалымдар басқарды. 1971 жылдан бастап 1974 жылға дейін - т.ғ.к., доцент А. М. Оразбаев, 1974 жылдан бастап 1988 жылдар аралығында - т.ғ.д., профессор У. Х. Шалекенов және 1989 жылдан бастап 2011 жылдар аралығында - т.ғ.д., профессор А.Т. Төлеубаев, 2011 жылдан 2016 жылдар аралығында -т.ғ.д., профессор А.Б. Қалыш, 2016 жылдан бүгінгі күнге дейін -т.ғ.к. Ғ.Қ.Омаров басқарып отыр.

Тарихты зерттеу үшін ең алдымен оның түп-тамырын зерделейтін ғылымдарға үңілуіміз керек. Солардың бірі келелі болашағы бар этнология ғылымы. Этнология ғылымы – халықтың салт-дәстүрін жаңа заманмен қабыстыра зерттейтін және халықтардың тұрмыс-тіршілігін, материалдық және рухани мәдениеттерін, халықтың этникалық тарихы мен этнологиялық үдерістерді саралайтын ғылым саласы. Этнографиялық экспедиция барысында ғылымға әлі белгісіз тың дүниелер ашылып, таныс дүниелер толтырылып одан әрмен зерттеле түседі. Этнология ғылымындағы білгір, елге сыйлы адамдардан ақпарат алу, олармен әңгіме дүкен құру этнолог ғалымдар үшін ең бір қызығушылық тудыратын сәт. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін бұл бағыт болашағынан мол үміт күттіретін, келешегі бар сала.

Ғылымға терең бойлап, салт-дәстүрлердегі тың дүниелерді жаңғыртамын деген барлық жас түлектерді білім нәрімен сусындауға шақырамыз, археология және этнология мамандығы сіздерді асыға күтеді!

Мақала жетекшісі: М.Қ.Егізбаева – әл-Фараби атындағы

ҚазҰУ археология, этнология және

музеология кафедрасының  доценті, т.ғ.к.

Беже Мейірхан

Тарих, археология және

этнология факультеті «5В020800 - Археология және этнология»

 мамандығының  3-курс студенті

Қатысты Мақалалар