Тайвандағы жер сілкінісінен 253 адам зардап шекті, жоғалғандар бар

/uploads/thumbnail/20180207132304427_small.jpg

Тайванда жер сілкінісі салдарынан кемінде төрт адам қайтыс болды және 85-і із-түссіз жоғалды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

- Құтқарушылар сәрсенбі күні құлаған ғимараттардың қоқысынан зардап шеккендерді іздестірді. Тайванның Хуалиан қаласында түні бойы күшті жер сілкінісінен кейін жоғалып кеткен 85-ке жуық адамды табу мақсатында тұрғындар білектерін сыбана іздеуге кірісті.

6.4 баллдық магнитудамен болған жер сілкінісі сейсенбіде 243 адамды жараласа, сәрсенбіде оның ішіндегі 85-і табылмағаны белгілі болды.

Тайваньның шығыс жағалауындағы Хуалианан солтүстікке қарай 22 шаршы метрді қамтыған зілзаладан зардап шеккендер құлаған ғимараттың ішінен әлі де сыртқа шыға алмай отыр.

Қатысты Мақалалар