Бүгін Алматы облысы Текелі қаласында жаңа сот ғимаратының тұсауы кесілді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа ғимараттың ашылу рәсіміне Жоғарғы Сот, облыстық әкімдік және сот өкілдері, қаладағы мекеме, кәсіпорын басшылары, құқыққорғау органдары, ардагерлер, қала тұрғындары қатысты. Ғимараттың салынуына республикалық бюджеттен барлығы 231 млн теңге бөлінген. Жаңа ғимаратта азаматтық және қылмыстық істерді қарайтын екі сот залы, судьялар кабинеті мен оқу бөлмесі бар. Бұдан бөлек, прокуратура, қорғаушы және облыстық сотпен онлайн режимінде конференция өткізуге арналған арнайы бөлмелері де бар.
Алматы облыстық сотының төрағасы Мейрамбек Таймерденов Текелі қалалық сотының қызметкерлерін сапалы, заманауи технологияға арқа сүйей, республикалық бюджет есебінен салынған жаңа ғимаратқа көшулерімен құттықтап, тәуелсіздік жылдарында еліміз қол жеткізген толағай табыстар сот жүйесіне де оң әсерін тигізгенін, Жоғарғы Сот бекіткен типтік жоба бойынша салынған бұл ғимаратта соттық даулар қаралатын нысан санаттарының барлық талаптарына сай екенін атап өтті.
Пікір қалдыру