Алматы облысында қант қызылшасын егетін шаруалардың саны жыл санап өсуде. Мәселен 2017 жылы Қапшағай қаласында 573 гектарға тәтті түбір егілген, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Алайда, шаруалар өз өнімдерін өткізу үшін 200 шақырымнан астам жол жүруге мәжбүр.
«Қапшағай маңынан қант зауытын салу жөнінде тапсырма берді. Қазір осы мәселе бойынша жұмыстар атқарып жатырмыз. Болашақта шағын қант зауытын салуды жоспарлап отырмыз», - дейді Қапшағай қаласының әкімі Талғат Қайнарбеков.
Қапшағай қаласына қарасты Заречный және Шеңгелді ауылдық округтері бар. Биыл мұндағы шаруалар 700 гектар жерге қант қызылшасын егуді жоспарлауда.
Пікір қалдыру