Талғардағы бас су торабы қазір 8 елді мекенді, соның ішінде Талғар қаласының төрттен бір бөлігін, яғни 35 мың халықты ауыз сумен қамтып отыр деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алматы облысы әкімдігіне сілтеме беріп.
- Талғарда ауыз судың екі бастау көзі бар - жер асты суы жəне ашық су торабы. Ашық су торабының кемшілігі - жаңбыр кезінде су лайланады. Сондықтан алдағы уақытта Талғарда ауыз су мəселесін толық шешу үшін Талғар қаласындағы жер асты су көзіндегі су торабы желісінен нөмірі 1-ші алаңға дейінгі магистралды су таратпасының құрылысы мен жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттары дайындалды. Жобаның сметалық құны 1,3 млрд. теңге-, деді облыс әкімі Амандық Баталов
Облыс басшысы Талғар ауданы 200 мыңнан астам халқы бар өте үлкен ауданның бірі екенін айта келе, биылғы жылы ауданның негізгі жобалары мен жоспарларында Елбасы Жолдауында айтылған басымдықтар басшылыққа алынуы тиіс екенін ескертті.
Пікір қалдыру