Алматы облысындағы Қарасай және Талғар ауданындағы ауыз су мәселесі шешілді

/uploads/thumbnail/20180103194016012_small.jpg

Алматы облысындағы Қарасай және Талғар ауданындағы ауыз су мәселесі  толықтай шешілді. Халық ауыз сумен қамтылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Қатты аяз салдарынан Қарасай ауданына қарасты Жаңатұрмыс, Қырғауылды ауылдары және Талғар қаласының халқы ауыз сусыз қалған болатын. Судың тапшылығына қатты аяз себеп болған.

«Қазіргі жағдайда ауыз су мәселесі толықтай шешілді. Мұндай жағдай қайталанбас үшін екі бригада жұмыс істеп жатыр», деп мәлім етті Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар