Ертең Галышева «алтынға» таласады: Қазақстандықтардың 11 ақпандағы кестесі

/uploads/thumbnail/20180210235644817_small.jpg

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан қысқы Олимпиаданың үшінші күні жарыс алаңына шығатын қазақстандық спортшылар белгілі болды, деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі  ҚазАқпаратқа сүйеніп жазады. 

10 ақпан күні ХХIII қысқы Олимпиада ойындарында отандастарымыз спорттың 4 түрінен сынға түскен еді.

Ертең, 11 ақпанда ен намысын қорғауға аттанған қазақстандықтар арасынан кімдер және қандай спорт түрлерінен бақ сынайтынын назарларыңызға ұсынамыз:

Тау шаңғысы 08:00 (Астана уақытымен) - даунхилл, ерлер Игорь Закурдаев

Шаңғы жарысы 12:15 - ерлер, скиатлон 15/15 км Алексей Полторанин, Евгений Величко, Денис Волотка, Виталий Пухкало. 

Шаңғы спорты 15:50 - жекелей финал, ерлер Никита Копыренко

Фристайл 16:30  - могул, финал Юлия Галышева

Биатлон 17:15 - ерлер, спринт 10 км Василий Подкорытов, Максим Браун, Тимур Хамитгатин, Роман Еремин, Владислав Витенко.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар