Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер 5 мамырға жоспарланған GGG мен «Канело» арасындағы реванштан кейін үшінші айқасты ұйымдастыру әзірге қарастырылып отырмағанын айтты. Бұл туралы Sports.kz хабарлады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Қарымта жекпе-жек қазақстандық боксшының пайдасына аяқталған жағдайда, оның басты мақсаты WBO-ның орта салмақтағы әлем чемпионы титулы болмақ. Ал оған бүгінгі күні Билли Джо Сондерс ие.
Пікір қалдыру