Қазақстандық теннисшілер Жапониядан жеңіліп қалды

/uploads/thumbnail/20180210175740550_small.jpg

Қазақстандық теннисшілер Федерация кубогының екінші Әлемдік тобына өте алмады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жапонияға қарсы шешуші кездесуде отандастарымыз 2:1 есебімен ұтылды.

Алдымен, Зарина Дияс екі сетте Куруми Нареге жол беріп қойды (5:7, 4:6), артынша Юлия Путинцева Нао Хибинодан айласын асырды - 6:3, 6:4.

Жұптық ойында Дияс пен Путинцева жапониялық Мию Като мен Макото Ниномия дуэтінен жеңілді - 4:6, 5:7.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар