Қазақстандық фристайлшы Юлия Галышева Пхенчханда өтіп жатқан 2018 жылғы қысқы Олимпиададан қола медаль жеңіп алды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Еске сала кетсек, Галышеваның алғашқы мүмкіндігі финалға жеткізіп, еліміз 7 орынға ие болды. Ал Қазақстандық құраманың тағы бір ойыншысы Аяулым Әмренова финалға жете алмады.
Фристайлдың могул сыны бойынша жарыс жолына шығатын отандасымыз жүлде үшін таласта аянып қалмады. Финалдық кезеңде 77.40 ұпай иеленіп, үздік үштіктен көрінді.
Ақ Олимпиаданың алтын жүлдесін француз Перрин Лаффон (78,65) жеңіп алды. Күміс медальды канадалық Жюстин Дюфур-Лапуант (78,56) иеленді.
Пікір қалдыру