Данияр Ақышев үш сағат бойы қазақстандықтардың сұрақтарына жауап береді

/uploads/thumbnail/20171109124348229_small.jpg

22 ақпанда (басталуы 10:00) Қазақстан Ұлттық банкінің (ҚҰБ) төрағасы Данияр Ақышев онлайн-режімде конференция өткізеді, деп хабарлайды  Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат мәліметіне сүйеніп.

Үш сағат бойы онлайн-режімде қазақстандықтар Ұлттық банктің қызметі, жүргізіліп отырған ақша-кредит саясаты, қаржылық қызметтер саласында өз құқықтарын қорғауға қатысты және көптеген өзге де мәселелер бойынша сұрақтарға жауап ала алады.

Сұрақтарды «ҚҰБ Online» мобильдік қосымшасындағы «ҚҰБ төрағасы  Д.Т. Ақышевтың онлайн-конференциясы» арнайы бөлімі; ақпараттық әріптес - «Kazinform» халықаралық ақпарат агенттігінің сайты; сондай-ақ  Қазақстан Ұлттық банкінің Facebook (www.facebook.com/ulttykbanki/ және  www.facebook.com/nationalbankkz/) және Instagram (https://www.instagram.com/national_bank_of_kazakhstan/)  әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшалары арқылы жолдауға болады.

«ҚҰБ Online» мобильдік қосымшасын App Store және Play Market арқылы iOS және Android платформаларында мемлекеттік және орыс тілдерінде жүктеп алуға болады

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар