Трампты Ресейге қарсы жаңа санкциялар қабылдауға шақырды

/uploads/thumbnail/20170722160227490_small.jpg

Демократиялық партияның үш сенаторы Дональд Трампқа Ресейге қарсы жаңа санкция енгізуге шақыратын резолюцияны ұсынған. Олардың пікірінше, былтыр АҚШ конгрессінің қабылдаған заң жобасы міндетті шектеулерді енгізуді талап етеді. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме беріп хабарлайды.

 Былтырғы жылдың тамызында Трамп Иран мен Ресейге қарсы санкция енгізу туралы заңнама қабылдаған. Құжат бойынша әкімшілік өз бюджетінен 250 миллион долларды АҚШ одақтастарын кибершабуылдардан қорғауға жұмсамақ.

Қатысты Мақалалар