Ресейде құлаған ұшақта тағы бір Қазақстан тумасы болған

/uploads/thumbnail/20180213155336068_small.jpg

Ресейдің Норильск қаласының даму агенттігінің басшысы әрі қалалық кеңестің депутаты Сергей Панченко құлаған Ан-148 ұшағында болған, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ол ОҚО-ның Белые Воды ауылында туып-өскен. 

1996 жылы марқұм Омск мемлекеттік техникалық университетінің баспахана факультетін "инженер-технолог" мамандығы бойынша бітірген. Сосын Мәскеудегі Ұлттық зерттеу университетінің "Жоғары экономика мектебін" "жалпы және стратегиялық менеджмент" мамандығы бойынша аяқтаған. 

Алғашқы жұмысын Норильск қаласында бастаған. Баспаханада механик, кейін инженер-механик болып қызмет істеген  және баспахана, редакциялық-баспа кешенінде бас инженер болған. 2017 жылы коммерциялық емес автономды «Норильск даму агенттігін» басқарған. 

Сергей Панченконың артында әйелі мен екі баласы қалды. 

Еске салсақ, Мәскеудің Домодедово әуежайынан көкке көтерілген Ан-148 жолаушылар ұшағы көп ұзамай радардан жоғалып кетті. Кейін ұшақ қалдықтары Мәскеу облысының Раменск ауданында табылғаны анықталды.  «Саратов әуе желілері» компаниясына тиесілі ұшақтың бортында 65 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болған. Олардың барлығы қаза тапты.  

Қатысты Мақалалар