Ұйымдастырушылар қатты желдің салдарынан Олимпиадаға келгендерді ғимаратқа кіріп, есікті жауып алуды сұрады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Каннындегі мұз аренасына әлі жетпеген жанкүйерлерді үйіне қайтуды сұрады.


Сноуборд, биатлон, шаңғы жарысы өтетін таулы кластерде көтергіштер істен шыққан. Жарыс әзірше кейінге шегерілді.


Кәдесый сатылатын дүкен тұтынушылардың қауіпсіздігі үшін жабылған.

Чемпионат.com-ның хабарлауынша, көрерменді эвакуациялағанда Каннынде бір адам жарақаттанған.




