Ресейлік ғарышкер Антон Шкаплеров өзінің Инстаграмдағы парақшасына ғарыштан түсірілген Арал теңізінің суретін жариялаған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
"Арал теңізі- Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан бұрынғы ағынсыз тұзды көл. 1960 жылға дейін ол әлемдегі көлемі жағынан төртінші орында тұрған көл болатын. Алайда қазір теңіздің деңгейі апатты жағдайға түскен",-дейді ол.
Ғарышкер Арал теңізін дәстүрлі түрде үлкен көліміне бола теңізге жатқызатынын жазады. Арал, Каспий теңіздері көне мұхиттың қалдықтары дейді ғарышкер.
Пікір қалдыру