17 ақпанға арналған ауа райы болжамы

/uploads/thumbnail/20180130084442597_small.jpg

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 17 ақпанда Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстік-шығыс бөлігінде және оңтүстік-шығысында құбылмалы күн райы күтіледі. Кей жерлерде қар жауып, бұрқасын болады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының түнде кей аумақтарында жаяу бұрқасын болжанады.

Ақмола, түнде Қостанай облыстарының жекелеген жерлерін тұман басып, жаяу бұрқасын жүреді.

Маңғыстау облыстарының күндіз кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар