Семей әуежайын мемлекет меншігіне қайтару әрекеттері жалғасып жатыр, деп 24.kz-ке сүйене отырып жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Осы жылдың басында нысан мүліктерімен қоса аукцион арқылы жекеменшік компаниялардың біріне сатылып кеткен болатын. Бұл туралы мәлім болған соң, облыс әкімдігі «Семейавиа» мекемесін сотқа берді. Ал фемида өкілдері өз кезегінде сатып алу жөніндегі келісімшартты заңсыз деп тапты.
Естеріңізге сала кетейік, 2 жылдан бері бұл әуежай ауқымды күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Бұл мақсатқа мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы 10 миллиард теңге бөлінген. Атқарушы билік өкілдері жөндеу жұмыстарын биыл аяқтауды жоспарлаған.
Ермак Сәлімов, Семей қаласының әкімі:
- Сот шешімімен конкурстық басқарушы облыс әкімінің талап арызы бойынша сатып жіберген ғимаратты қайта қайтарды. Қазір бұл мәселе қайта қаралады. Нысан қайтадан саудаға шығарылып, мемлекет меншігіне өтуі тиіс.
Пікір қалдыру