Қырғызстанның байланыс агенттігі Қазақстанға наразылығын білдірді

/uploads/thumbnail/20180217113056011_small.jpg

Қырғыз республикасының мемлекетік байланыс агенттігі Қазақстанның байланыс әкімшілігіне кеден шекарасында таратқыш қуатын арттыруға қатысты шағым түсірді деп хабарлады Қырғызстанның мемлекеттік ақпараттық технология комитетінің баспасөз қызметі.

«Халықаралық тәртіпке сәйкес, келісілген параметрден ауытқыған радиоэлектрлі құрылғыларда жұмыстар жүргізілсе, Қазақстан тарапы олқылықтың көзін жою керек» делінген ведомства хабарламасында.

Агенттік радио байланыс туралы Халықаралық конференцияда (Женева-06) сандық хабар таратуға көшу аясында Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан арасында радио жиілік диапазоны тепе-теңдік негізде белгіленгенін ескертеді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар