Мәскеуде халықаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы ТАСС жазады.
Ұсталған ер адам осыдан үш жыл бұрын Қазақстанда қылмыс жасаған. Күдікті өзінің танысын мола басына апарып, атып өлтірген. Күдікті артынша елден кетіп, тығылып жүрген. Алайда оның осы уақытқа дейін Мәскеуде тұрғаны белгілі болғанымен, үнемі мекен-жайын ауыстырып отырған.
«Мәскеу облысының Балашиха қаласында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында құқық қорғау органдары қызметкерлері күдіктіні ұстап, Ресей ІІМ аумақтық бөлімшесіне жеткізді»,-деп хабарлады РФ ІІМ ресми өкілі Ирина Волк.
Ер адам тұтқындалды және Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешілуде.
Пікір қалдыру