"ЖАСЫРЫН" ЖЕЗӨКШЕЛІК және ЖЕМҚОРЛАР ЖИНАЛЫСЫ...
ЖЕЗӨКШЕ... Осы сөз қазақта ежелден қолданыста бар болғанымен, өте сирек кездескен екен. Себебі, көшпелі қазақтарда көше болған (Улица красных фонорей) жоқ. Және қыздан қырық үйден тиым жасаған қазақтар шариғи заңдар бойынша, таспен атып, не болмаса дарға асқан екен. Ия, нәпсіқұмарық табиғаты тереңде... бірақ та осы кәсіппен көбіне бет келбеті әдемі , ұяты аз және табиғи тойымсыз пенделер айналысқан екен. Бұл үрдіс тоқтамайтыны анық болды. Жезөкшелікке ұқсас жемқорлық деген түсінік бар, ЖЕЗӨКШЕЛІК нәпсінің құлы болса, ЖЕМҚОР құлқынның құлы екені белгілі... Жемқорлар да көбіне әдемі сөйлейтін, жағымпаз, екіжүзді болып келеді екен. Айырмашылығы аз... Млрдаған доллар ақшаны ұрлап, шет елге қашып кеткендер мен млрд доллар қаражатты "легализация" жазап жатқандардың айырмашылығы бар ма, Достар?!!! Енді, саяси жезөкшелік (политическая проституция) деген ұғымды Ленин кіргізген деген бір ақпарат та бар. Олар да құлқыны үшін, ақ ту болады ма, қызыл ту болады ма, көк ту болады ма - керек кезде, керек жерден табылып отыратын хамелеондар сияқты "жәндіктер" екені белгілі. Күн көру үшін, туфлидің өкшесін сорып, болмаса қол сүйіп жүрген " Зиялылар" қаншама екен?!!! Жемқорлық пен жезөкшелік жүйеге және менталитетке байланысты дегенді көптеген жерден оқимыз. Онда, ойланатын уақыт келді, Достар!!! P.S. Ұлттық дәстүрін жақсы сақтап қалған елдерде "Жапония, Тайланд, Араб елдері) осындай көріністер өте аз дегенді оқып қалдым. Алыстан келген ағайындардың арасынан жоғарыдағы "кәсіп" иелері бар дегенді БАҚ - тар да жазбады.... Ақша үшін Отанын сатып жіберген жемқорлардың жезөкшеден қандай айырмашылығы бар?!!! (Р.Алиев, Е.Мұсаев, В.Храпунов, Б.Рысқалиев тсс)
(Советқазы Нұрсиланың фейсбуктегі парақшасынан)