Кейде өзіме де, қазақтарыма да қаным қараяды. Ресми ақпарат бойынша қазір Қазақстанда 10 миллионнан аса қазақ тұрады. Екінші орында орыстар 3,7 миллион. Ал бүгін әңгіме болып жатқан ұйғырлар 225 мыңға жетер жетпес, ал тәжіктер бар болғаны 36 мың ғана.
Сонда неге 10 миллион қазақтың өз еліне өзі қожа болуына, тентекті жөнге салуына, өзін басқаға құрметтетуіне жағдайы жоқ? Осы сұрақ мені әрдайым мазалайды. Жауабын кім біледі? Қазақстанның қожайыны қазақ болуы үшін не істеуге болады?
(Мақсат Ілиясұлының фейсбуктегі парақшасынан)