ОҚО-да Ақпантоқпантұрарқожа есімді азамат тұрады және ол соттқа тартылды

/uploads/thumbnail/20180220224055294_small.jpg

Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында есімі ерекше азамат тұрады және ол қазір сотталып жатыр. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz порталына сүйеніп жазды. 36 жастағы Ақпантоқпантұрарқожа Жанбеков бөтеннің мүлкін талан-таражға салды деп айыпталуда.

Тергеу материалдарынан белгілі болғандай, ер азамат былтыр маусым айында қалалық емханада механик қызметінде жүріп, өзінің лауазымын пайдаланып, сеніп тапсырылған ірі көлемдегі бөтеннің мүлкін талан-таражға салған. Кейін бұл қылмысын ол жалған құжат жасау арқылы жасырмақ болған екен. Атап айтқанда, Ақпантоқпантұрарқожа құны 1 млн 200 мың теңгеден асатын көлік жанармайын жаратып жіберіпті.

Күдікті өз кінәсін толықтай мойындап, прокурормен процесуалдық келісімге келуге өтініш беріп отыр. Сот үкімі енді шығады.

Айта кетейік, Ақпантоқпантұрарқожа Жанбековтің есімі қазақстандықтарға 2013 жылы белгілі болған еді. Бәзбіреулер оның жеке куәлігін суретке түсіріп, әлеуметтік желілерге таратып жіберген.

Қатысты Мақалалар