Баяғыда бір ауылда өте момын, ынжықтау бір адам өмір сүріпті. Ауылдастың бәрі көре қалса әжуа етеді екен. Ынжығымыз мұрнын бір тартып, ыржиып отыра береді... Тақымы не атқа, не әйелге толып көрмеген сол сорлыдан бір көршісі жәрдем сұрапты: - Уа, Бәке, алыстағы ағайынға хабаршыға жібергенге баланың ыңғайы болмай тұрғаны... Оның үстіне бала жіберіп шақыртты деп туыс өкпелер... Сіз барып қайтсаңыз -дейді. Жаяу адамға екі күндік жердегі ауылға ынжықтың барғысы келмей қип
ақтап тұрғанын көріп: -Ой, Бәке, сіздей азаматты жаяу жібереді деймісіз -деп көпшік қояды. Сөйтіп ынжығымыз қопаңдап ат үстінде кете беріпті. Қызықтың көкесі Ынжық кері оралғакнда бопты. Күні бойы ат үстінде жүріп, айдарынан жел ескен Бәкең ауылға кіргенде елдің бәрі саусақ шошайтып күле бастайды. -Ой, ана Ынжықты қара, х-х-х! -Өйбу, Ынжық жездем адам бопты, ей, ха-ха-ха! Осы сәтте Ынжық атын тебініп, күліп тұрғандарға ұмтылады. Ынжығың аяқ асты күндей күркіреп шыға кепті: -Өңшең хайуан! Қамшымен тартып жіберейін бе?! Әкең-шешеңді...!!! Қағытып тұрған жігіттердің өңі бұзылып сала береді. Тұра ұмтылып ынжықты аттан жұлып алмақ еді әріректе қызықтап тұрған бір қария басу айтыпты: -Әй, тимеңдер! О байғұсты еліртіп тұрған аттың желігі ғой. Аттан түскен соң басылады, қалпына келеді! Атқа мініп, өмірінде бірінші мәрте елдің төбесінен қарап көрген Бәкеңнің қиялында ата-бабасының хан, батыр болғаны секілді талай қиял оянып, желігіп алған екен?! ПЫ.СЫ. Кешелі бері осы мысал ойымнан шықпай жүргені. Бірақ мұның Бірғаным деген бір ханымның несие туралы айтқанына еш қатысы жоқ. О кісілердің ат үстінде жүргеніне көөөп болды ғой.(Серік Әбікеннің фейсбуктегі парақшасынан)