Зауытбек Тұрысбек Елбасының аманатын аяқ асты қылу үшін төраға болды ма?

/uploads/thumbnail/20180226121618969_small.jpg

Qamshy.kz ақпарат агенттігінің поштасына  Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасарына Қытайдағы қазақтар мәселесін көтерген ашық хат келіп түсті. Qamshy.kz порталы еркін ақпарат алаңы екендігін ескере отырып, автордың стилі мен емоциясын қақпай хатты қаз-қалпында жариялауды жөн санадық.  Қадірменді оқырман, қарсы пікір, қосар ойыңыз, айтар уәжіңіз болса мархабат!


Зауытбек мырза! Жауабы мен сауабы мол жұмысты не үшін қолға алдыңыз? Құрығанда бір жол болса да қорланып жатқан қытай қазақтары туралы ақпарат алып, бір сұхбат беруге де жарамадыңыз ғой.. Неге?  Елбасы Н.Ә.Назарбаев құрылтайда далаға айтты ма? Азапқа ұшыраған қандастардың жан айқайы дәл сол құрылтайда не үшін айтылып отыр? Сөзден гөрі, істің адамымын деген сертіңіз қайда? Сегіз ай бойы қандастардың басына келген ақырзаманға, соған қатысты мекменің басшысы ретін де қалай тыныш ұйқтадыңыз? Жоғалған малды іздемесең оныңда обалы бар емес пе? Мал ғұрлы құны болмағаны ма?  Бұл  бүкіл оралманның ышқынған жан айқайы деп біліңіздер..

Басына қара бұлт үйіріліп, соры арылмаған қытай қазағының тағдыры қыл үстінде, басына заманақыр төніп тұр.. Дінсіздің қолында қор болған халықтың еш күнәсі жоқ, олар бейбітшілік пен берекенің ұйтқысы деп танылған, қытай басшылығы да солай баға берген. Бүгінге келгенде қараңғылық бүркеген бітік ормандағы түз тағысы спетті тұтқиыл шабуыл жасап, ізім-ғайым өлтіріп жатыр.. Одан қалғанын абақтылап, алапат азаппен қинауда.. Жасырын тамаққа қосылған дәірі арқылы өз-өзінен өлетін, ақыл –есін жоғалтатын дертке шалдығуда. Бейресми мәліметтерде 500 жүз мың адам істі болған. Олардың өлгенінің ақпаратыда жабық сақталып отыр.. Өкен бастатқан танымалы имамдар түгелімен жоқ, өлі тірісі белгісіз..

Заңнан, саясаттан хабары жоқ ауыл қазағын жаңа жасақ орналастырып, бейуаз елдің тағдырын шешетін күшті құрылымға айналдырған. Ол жерде ішетін-шегетін, бұзақылардың қолына билік беріп, ауыл мен қыстақтың қазағына білгенін істеуде.. Бүкіл Шыңжаң өлкесін де 1960 жылдардағы «Мәдениет төңкерісімен» жылап көрісерлік шекке жеткен.. Он мыңдаған мешіттерді қиратып, «Ассалаумағалайкум» деген адам сотталып кетіп жатыр.. Қытайдың «Көктем мерекесі» басталғалы бері барлық қазақтардың үйіне қызыл-жасыл жын шақыратын, «Бүдистік» бұтқа табынатындардың жоралғысы ретіндегі қағаз жалауларды зорлықпен ілгізіп, бақа, шаян, шошқаның етін сол мереке қарсаңында күштеп жегізген.. Сонымен бірге мұны әдемі, зымиян атаумен «Туысқан ұлттар достығы» деп қан шығармай өлтіруде.. Ақпараттарда қысым деп айтылып жүр, қысым емес тірідей рухын өлтіріп, тәнін мүгедек етуде.. Он күннен асып барады, әр ауылдан 200 қазақты еш себепсіз түтқындап, қытайдың қараңғы зындандарына тастауды бұйырған... Бұған жалған ілік тауып, бас көтерер азаматтарды құртып, қорғансыз қалған, әйелдерді меншік ету сұмдық жоспары тұр.. Мұндағы «Қылмысы» Қазақстанмен байланысы, бұрын жұмаға барған, әкімшілік жазаға тартылған болса деген желеумен айпты деп санап дегеніне жетпек.

Жарқын ( Серікжан Біләш) мен Қыдрәлі Ораз қытайдағы қазақтарының оңбай азапталып жатқанын жанымен сезген азаматтар.. Қандас туыстарың, солай азапталып жатса, шынымен қалай тыныш жата аласың? Бұлар халқаралық үйымдардың атқара алмаған жұмысын атқарып жүр(Қазақ Қауымдастығының).. Қазақ қаламгерлері аузына маржан салып отыра берсін, біз АлланыңҚазақ қаламгерлері аузына маржан салып отыра берсін, біз Алланың ризалығын көздейміз қашанда. Жәди Шәкен, Құлкерім Елмес,  Тоқтарәлі, Серік қатарлы қаламгерлер  азаматтық атын сақтап қалды.. Олар біреу болса да қандастарына араша сұрап мақала жазды.. Осындай кезде қазаққа бірлік керек, «Сырттан бөрі келсе, ауыл иттері бірігеді» біз осыны ойлауымыз керек.. Ең кемінде жұмыс істеп жатқан азаматтарға кедергі жасамауымыз тиіс. Өйткені қазақ тағдыры сын сағатта тұр. Олардың сүмдықтарын білетін қытай қазақтары құрып жоғалса, Қазақстанды «Соятын сиыры, ататын аңы қылмақ»..

Қытай түрмесінде 8 ай жатып әрең оралған Қазақстан азаматы Омарәлінің айтуынша қытай түрмесінде азапталып жатқандардың үштен бірі – Қазақтар екен. Ол жақта азапталып жатқан адамдар еш дәлелдеуді қажет етпейді.. Себебі ақпарат ағынында күн сайын жаңаланып, алапат үреймен өрнектеліп жатыр.. Намысты азаматтардың айтуынша, арға дақ салғанша қырып тастаса тыныш еді депте айтылып жүр..  Қытайдың асқан аяр саясаты тарих беттерінде сөйлеп тұр.. Өткен ғасырдың ортасында Моңғол ұлтының жарамды азаматтары отанды қорғау үшін соғысқа жібереміз деген желеумен белгісіз иенге әкеліп қырып салып, еркек кіндіктіні жоқ еткен.. Ізімен «Отан үшін құрбан болғандарға қамқорлық» деп қыз-келіншектердің отын-суына көмектеседі деп 18 бен 40 жастың аралығындағы қытай жігіттерін жіберіп, 95 пайызын күштеп үйлендіріп ұрпақ өрбітіп, қытай ұлтына сіңдіріп әкеткен..Оысндай зұлым қайда бар?  Міне осы жоспарың екінші бір сұмдық тәктикәмен қазаққа жүргізуге кірісіп кетті.. Қытайда жаппай түрме салынып, «Саяси үйрену» деген абақысына адам симай жатыр..Еркегі абақтыға не саяси түрмеге кеткен үйдің әйеліне қоқан-лоқы көрсетіп, білгенін істеп отырғанын «Еркін азия» радиосы растап отыр.. Әлемде жоқ зұлымдық басталып кетті

Қытайдағы үш миллион қазақтың тағдыры қыл үстінде тұр. Пәле қайдан дейтін емес, бүкіл Шыңжаң өлкесі төбесі ашық түрмеге айналған.. Үйғұр, дүңген, қазақ аймақтары айдағардың аузында тұр.. Тұрғын үйлердің бәрі тегіс тар есіктен шығатын апанға айналдыру мен бірге жоспарлы түрде қаланың өзін түрме негізінде салынған. «Қытай қорғанын» салып мемлекетті тырп еткізбей, ақпаратты үзіп, қазақ бастаған аз ұлттарды геноцидке ұшыратып жоқ ету.. Бұл күнде қандастарымыз демін ішіне тартып, жөтелсе ұстап кете ме деп ұрейі ұшатын болған..Басқыншылығы шектен асқан қытай билігінен араша сұрап, құтқармасақ кеш қаламыз..Іргемізде қандасымыз атылып, асылып жатса қалай шыдас беріп отыра аламыз? Сондықтан ойлануымыз маңызды..

Жақында Ұлткөшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың пәрменімен, ол жақта қысым көрген қазақтардың мәселесі расталып, ҚР Сыртқы істер министры Қайрат Әбдірахманов    депломатиялық нота жіберіп, сегіз айдан бергі күйзелісімізді сәлде болса сергіткендей болды, міне елдіктің белгісі деді біраз азаматтар.. Айтайын дегенім осы қазақтың басына келген қауыпты  Америкада, Еуропада емес, бұйырса бірақ адам шеше алады, ол  – Н.Ә.Назарбаев! Әлемде ядрольқ қарудан бас тартудың үлгісі болған, Сириядағы соғыстың тоқтауына себеп болған тұлға ретінде, көршіге сөзі өтетіні сөзсіз..Мүмкін соның жоспарын жасағанда болар, өйткені депломатиялық қадамдарын жасап үлгірді..

Қазақ бейбітшіліктің үлгісі болып танылған халық. Ғасырлап қырылумен келе жатқан қауым. Қытай билігінің өзіде Бейжіңдегі құрлытайда кезінде «Момын хылық қазақ деген» деп атап көрсетіп, мойындаған. Демек осындай жоғары бағаға сеніп қалып «Сен тимесең, мен тиме бадыраң көз» деп жүре берген. Қазақта еш териториялық талап жоқ, қазақ еліне көшу мұратынан басқа не жазығы бар еді?

Айтатын өзекті тақырып,  жылы астанада өткен «Дүние жүзілік Қзақтарының 5 құрылтайнада Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың алдында сөз сөйлеген Өмірхан Алтынұлы қытайдағы қазақтардың жаппай қысымға ұшырап жатқанын, тұңғыш рет жариялаған ержүрек азамат еді.. Бұл сырттағы қазақтың жан айқайын, басқа емес Қауымдастықтың құрылтайында көтерген. Елбасы бұл оқиғаға назар аударатын боламыз деп нақты айтқан сол жиында..  Сонда басқа жерде айтылмай Қауымдастық құрылтайында ерігіп айтып жүр ме? Бұл мекеменің қатысы болмаса той- тойлау үшін келіп жүр ме? Демек бұл қауымдастықтың жауапты болуға тиіс өзекті мәселесі..Бөлінген қаржыны кітап шығарумен ғана айналыссын деп кім айтты? Сол кітапты жазатын адамдар өліп, зынданға түсіп жатса кітап мұсырға да жарай ма? 8 ай болды аузына су толтырып алғандай Зауытбек мырзада үн жоқ.. Елбасының тапсырмасы жартасқа айтқан жаңғырық болды ма?..

Зауытбек Тұрысбек мырза елбасы алдында: «Үлкен сенімге көп рахмет. Бұл қызмет әр қазаққа бөлек дүние. Мен көп сөйлемеймін, барынша іспен дәлелдеймін» деген болатын. Зауытбек мырза осы айтқан сөздеріңізге опа қылмадыңыз ғой.. Біз бұл жерде қандастың қаны төгіліп жатпаған болса, үнсіз жүре берер едік, білгенін істесін деп.. Мұндай алмағайып сәтте үнсіз отыруда хайуани сабырға жатады.. Миллиондаған халықтың үнін жеткізу парыз кеудесінде оты бар қаламгерге, олардың ышқынған, бұлқынған, шыңғырған жан айқайын ақпарат алаңына шығару.. Ол жақтағы этникалық қазақтардың  көзі,  қан мен жасқа шыланып 2018 жылдың жаңа бір көктеміне кіріп келді.. Сіздер де жыл бойы үн жоқ.. Құзырлы қауымдастық сен неге отырсың ақылы кінашқа таратумен марқайып? Ол құнсыз қағазың кімге керек еді? Сол сорлы қазақтар болмаса сен ашылар ма едің Қауымдастық? Зауытбек мырза сол қандастардың ісімен Қытай концолына барып сұрауға шамаң келмеді ме? Солармен селбесіп үрімжіге баруға не кедергі болды? Бармай –ақ қой, солардың өлі-тірісін есебін алудан не тосты? Тіпті оныда қой, солар үшін бір сұхбат берсеңіз, тоныңызды біреу шешіп алар ма еді? Тіпті мал екеш малдың өзі, жазықсыз өлтіріліп жатса сұраймыз ғой.. Бұратана халықтардың иті жоғалсада іздейді ғой...Сол ит құрлы болмағаны ма?  Сөзім жоқ аман болыңыз...

Сержан Әсет

Қатысты Мақалалар