Алматы-Бішкек тасжолында екі адам көлігімен жанып кеткен (видео)

/uploads/thumbnail/20180226142232671_small.png

Алматы-Бішкек тасжолында жанып жатқан автомобильді куәгерлер видеоға түсіріп алған.

«Алматы-Бішкек тасжолы, көліктердің соқтығысынан бір көлік түгелдей жанып кеткен. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр, зардап шеккендер жайлы ақпарат анықталған жоқ», - делінген әлеуметтік желіде таралған видео мазмұнында.

Куәгерлердің айтуынша, жол апаты 26 ақпанда таңғы сағат 8-де Жамбыл облысы Отар ауылы маңында  болды. Екі көлік соқтығысып, соның салдарынан екі адам қаза тапқан. Олар өртенген көліктің ішінде болуы мүмкін.

Қатысты Мақалалар