Алматы облысында арықта 7 жастағы баланың мәйіті табылды

/uploads/thumbnail/20180302104339097_small.jpg

Алматы облысындағы Сырымбет ауылында арықтан екінші сынып оқушысының денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қайғылы оқиға 28 ақпанда болған. Сол күні бала мектептен қайтып келіп, үйінің ауласында ойнап жүрген. Ата-анасы үйде болмаған, әкесі Алматыда жалдамалы жұмыста істейді, ал шешесі Текелі қаласында болған. Жеті жасар баланың денесі үйінің маңынан өтетін арықтан табылған. 

"Баланың мәйіті сараптамаға әкетілді. Жерлеуге дайындалып жатырмыз", - деді баланың ағасы.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар