5 наурызда ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

/uploads/thumbnail/20180302113111857_small.jpg

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысына шақыру туралы өкімге қол қойды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ӨКІМ

Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2018 жылғы 5 наурызда сағат 12-де Астана қаласында шақырылсын.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы                             Н. Нығматулин

Астана қ.,

1 наурыз 2018 ж.

№ 20 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар