ҚР құрамасы грэпплингтен Бішкекте өткен Азия чемпионатында жеңіске жетті

/uploads/thumbnail/20180306135559807_small.jpg

Қазақстан Ұлттық құрамасы грэпплингтен Бішкекте өткен Азия біріншілігінде 30-дан астам медаль (12 алтын, 12 күміс және 9 қола) және бірінші жалпы командалық орынды қанжығасына байлады. Қазақстандықтар негізгі қарсыластары – турнир қожайындары Қырғызстанды (2 орын) және Иран құрамасын қапы қалдырды. 

ҚР құрамасы

Естеріңізге сала кетейік, 5 наурызда Қырғызстан астанасы Бішкекте ерлер және әйелдер арасында грэпплинг және грэпплинг гиден Азия чемпионаты өтті. Аталмыш біріншілік алғаш рет UWW Дүниежүзілік күрес Қауымдастығының ережесіне сәйкес Олимпиада жанұясына кіретін грек-рим, еркін және әйелдер күрес түрлерімен қатар ұйымдастырылды. 

ҚР құрамасы

Өткен жылы Астана қаласында Азия чемпионатында біздің палуандар қырықтан астам медальді қанжығаларына байлап бірінші орынға ие болған еді. Дәл осылай Қазақстан Азия континентінде үздік екендігін екінші мәрте дәлелдей түсті. Айта кетейік, биыл қыркүйек айында алғаш рет елордамызда грэпплингтен әлем чемпионаты өтеді. Айтулы додаға дайындық пен іріктеу жүргізіліп жатыр. 

ҚР құрамасы

ҚР құрамасы

 

Қатысты Мақалалар