Көріпкел әйел Головкин – «Канело» жекпе-жегінің қалай аяқталатынын айтты

/uploads/thumbnail/20170905111523858_small.jpg

Мексиканың танымал экстрасенсі әрі астрологы Мони Виденте Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) қарымта жекпе-жегіне болжам жасады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sports.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

«Мен мынаны көріп тұрмын: бұзылған етпен немесе етсіз болсын, «Канело» бұл жекпе-жекте жеңіске жетеді», — деді Виденте. 

Егер Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттік (WADA) мексикалық боксшыға қанынан тыйым салынған зат (кленбутерол) табылуына байланысты санкция қолданбаса, «Головкин — Альварес» реваншы 5 мамырда Лас-Вегаста өтеді. 

Айта кетсек, Виденте қос боксшының 2017 жылдың 16 қыркүйегінде өткен алғашқы жекпе-жегіне де болжам жасаған еді. 

«GGG — өте мықты қарсылас, сондықтан «Канело» абай болуы керек. Ол сенің әр қимылыңды мұқият зерттеп жүр, кейін жекпе-жекте ең мықты қаруын қолданады. «Канело» 11-раундта қарсыласынан басым түседі, сосын төрешілер шешімімен жеңіске жетеді», — деген еді Мони.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар