«Канелоның» жаңа допинг-сынақтарының нәтижесі белгілі болды

/uploads/thumbnail/20180309152638283_small.jpg

Альварестің 3 және 5 наурызда тапсырған допинг-сынағының нәтижелері жарияланды.

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) екінші жекпе-жегінің қарсаңында тапсырған тағы екі допинг-сынағының нәтижесі белгілі болды,  деп хабарлайды Vesti.kz.

Los Angeles Times журналисі Лэнс Пагмайердің мәліметі бойынша, Альварестің 3 және 5 наурызда тапсырған допинг-сынағының нәтижесі кленбутеролдың және басқа да тыйым салынған заттардың болмағанын көрсетеді.

Еске сала кетейік, осыған дейін Альварестің допингпен ұсталғаны хабарланған болатын. Альварестің допинг-сынамасынан кленбутеролдың болмашы мөлшері табылған. Бұл препарат адамға бұлшықет массасын өсіруге және майды жоюға көмектеседі. Ал спорттан тыс бұл препарат жануарлардың массасын өсіруге арналған екен.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар