Головкиннің қарсыласы «Канелоның» заңсыз әрекеті әшкере болды (видео)

/uploads/thumbnail/20180309152638283_small.jpg

Желіде Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің 16 қыркүйекте өткен жекпе-жек алдында қолдарын дәкемен ораған видеосы тарады. Бұл жайында Sports.kz жазады.

Видеода Геннадийдің қолы дәкемен оралғаны, ал «Канелоның» қолы дәке астынан тағы бір белгісіз қабатпен оралғаны байқалады. Жекпе-жек барысында  GGG жаттықтырушысы Абель Санчес мексикалық спортшының  қолды дәкемен заңсыз орағанын айтқан. Алайда жекпе-жек  инспекторы Санчестің талабын қабылдамаған. 

Nevada State Athletic Commission бұл эпизодтан  заң бұзушылықтарды байқамай, оны ережелерге толығымен сәйкес деп санайды.

Қатысты Мақалалар