«Нұр Отан» партиясы Шығыс Қазақстан облысындағы табиғат апатынан зардап шеккен жандарға алғашқылардың бірі болып көмекке келді. Тасқын мен нөсер жауын салдарынан 140 жеке үй, 180 аула және 110 саяжайды су басып қалған. Шамамен 400-ге жуық жергілікті тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.
Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, дәл қазіргі таңда тасқын су кері қайта бастаған. Соған орай халық та өз үйлеріне оралуда. Дегенмен, үй-жайларға айтарлықтай залал келгенін атап өткен жөн.
Осыған байланысты «Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жылы киімдер, резіңке етіктер, бұзылмайтын азық-түлік және тағы басқа гуманитарлық көмектер қабылдайтын арнайы 5 пункт ашты. Аталған қабылдау нүктелері мына мекенжайларда орналасқан:
- Өскемен қ., «Нұр Отан» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының ғимараты, Қ.Қайсенов көш., 121;
- Өскемен қ., «Жас Отан» Жастар қанатының қалалық бөлімі, Әуезов көш., 5;
- Өскемен қ., Облыстық жастар орталығы, Потанин көш., 37;
- Семей қ., «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының ғимараты, Шайжүнісов көш., 138;
- Аягөз қ., «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ғимараты, Х.Дүйсенов көш., 104.
Су тасқынынан зардап шеккен Аягөз қаласының тұрғындарына мына есепшот арқылы қаржылай көмек көрсетуге болады:
«Болашақ Аягөз» ҚҚ
БИН 110740000641
БИК KZKOKZKX
КБЕ 18
Ағымдағы есепшот нөмірі KZ279260301178000004 KZT «Казкоммерцбанк» АҚ бөлімшесі.
«Нұр Отан» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының мәліметі бойынша зардап шеккендерге гуманитарлық көмектер кеше келіп түсе бастаған. Аталған акцияға қазірдің өзінде Атырау, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарының филиалдары атсалысып үлгерді.
Пікір қалдыру