1-сынып оқушысының зорланғанына қатысты сот сараптамасы қорытынды жасады

/uploads/thumbnail/20180313131750772_small.jpg

Сот-медициналық сараптамасы ОҚО Сарыағаш ауданы Абай аулының 1-сынып оқушысына қатысты  зорлық әрекетеріне  ұшырау фактісін анықтаған жоқ. Оңтүстік Қазақстан облысының сот сарапшылары баланың денесінен ешқандай зақымның іздерін таппаған деп хабарлайды. Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Казахстан-ға сілтеме беріп.

Айта кетейік, ОҚО Абай аулының 62 жастағы тұрғыны өзінің қарауындағы бірінші сынып оқушысының сексуалды зорлыққа ұшырағанын хабарлаған. 12 қаңтарда ол немересін  13 жастағы мектеп оқушысы зорлады деген шағыммен полиция арызданған.

  «Былтырғы жылдың тамызында баланың апасы АІІБ-ға барып немересінің соққыға жығылғанын айтқан. Алайда қызметкерлер жалған ақпарат таратудың жауапкершілікке алып келетінін ескерткен соң, әйел өзінің арызын қайтып алған. Кейіннен 12 ақпанда баланың апасы тағы бір рет арыз жазып,  мектептің 6,7 сынып оқушылары (бауырлар) оның немересін зорлағанын айтқан. Осыдан кейін тергеу әрекеттері жүріп, арнайы комиссия құрылған»,-дейді Сарыағаш ауданы білім бөлімінің төрағасы Бауыржан Майрихов.

Ол баланың апасының сөздерін тексеру мақсатында мектептегі сабақтар кестесін, видео бақылауларды көріп, мектеп директорымен жиналыс өткізген. Алайда Б. Майрихов оның сөздерін шындыққа жанасымды емес екенін алға тартып отыр.

Сонымен біре Б.Майрихов  мектептің жоғарғы сынып оқушылары 62 жастағы әйелді сотқа бермекші болып жатқанын атап өтті. Тіпті, осы жағдайға байланысты қатты алаңдап, толқыған оқушылардың бірінің әкесі осыдан бірнеше күн бұрын көз жұмған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар