Бүгін Алматыдағы Төле би мен Байтұрсынов көшелерінің қиылысын полиция қызметкерлері қоршауға алды.
Qamshy.kz ақпарат агенттігі дереу Алматы қаласы Ішкі істер департаментіне хабарласып, мән-жайды анықтады. Алматы қаласы ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбектің айтуынша, полиция бөлімшесіне сол маңдағы банктердің біріне жарылғыш зат қойылды деген ақпарат келіп түскен.
«Оқиға орнына шұғыл жеткен полиция қызметкерлері ғимаратты тексеріп, жарылғыш зат таппады. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде жалған ақпарат берген күдікті қолға түсті», - деді Салтанат Әзірбек.
«Қай банктің ғимаратына жарылғыш зат қойылды деген жалған ақпарат берілді? Ұсталған азамат кім?» - деген сұрағымызға Салтанат Әзірбек: «Әзірге оны өзім де білмеймін», - деп жауап берді.
Пікір қалдыру